Ішкі туризмді дамыту мақсатында екі облыс меморандум түзді

Ішкі туризмді дамыту мақсатында екі облыс меморандум түзді
 Түркістандық ақпараттық топ Батыс Қазақстанның Орал қаласында жұмысын жалғастырды. Ең әуелі БҚО Атамекен Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде Түркістан өңірінің туристік әлеуеті таныстырылды. Road show форматындағы жиынға БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Жанна Бекқалиева, туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің мамандары сондай-ақ туристік операторлар мен қауымдастық жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бөлім басшысы Ерасыл Төлебаев туризмнің бағыттары жайлы мәліметтермен қамтып, туристік маршруттарды ұсынды. Сонымен қатар құрылғанына 5 жыл толған Түркістан облысының туризмін дамыту мақсатында жоспарланған іс-шаралар мен жобалар туралы да атап өтіп, оралдықтарды белсене қатысуға шақырды.

 Жиын қатысушылары ішкі туризмді ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, туристік базаларды көбейту, экспедиция жүргізу, аквапарк салу, Орал-Түркістан бағытында әуе рейстерін пайдалана отырып, туристік маршруттар әзірлеу және тағы да басқа мәселелер талқыланды. Түркістан өңіріне келушілердің басым бөлігі отбасымен саяхаттайтын болғандықтан облыс орталығында демалыс орындарының түрлері мен санын көбейту де айтылды. Екі облыстың туристік операторларымен бірлесіп, ақпараттық тур ұйымдастыру құпталды.
 Жиын соңында Түркістан облысының делегациясы оралдық 2 мекемемен келіссөз жүргізіп, Қазақстан туристік қауымдастығы заңды тұлғалар бірлесті, Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу қорымен меморандумға қол қойды.

 Арнайы топтың сапары әрі қарай «Текемет» қолөнершілер шеберханасы, С.Исаева атындағы Халықаралық эксперименталды коллекционалды бақ-питомнигі және «Nurbergen Health Resort» шипажайында жалғасын тауып, жұмыстарымен танысты. Ақпараттық-насихат тобы Ақтөбе облысына аттанды.
 «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0