Италия мен Түркістан облысы арасындағы байланыс тереңдей түсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 28 қыркүйек, 2023


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен кездесті. Кездесу барысында Түркістан өңіріне Италия инвестициясын тарту, туризм, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату көкжиектері сөз болды. Облыс әкімі облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.


– Түркістанға тағы да қош келдіңіздер деймін. Бүгін өңірімізде «Шәуілдір» күн электр станциясы іске қосылды. Бұл Италия мемлекеті мен Қазақстан Республикасы, оның ішінде Түркістан өңірі арасындағы байланысты тереңдете түседі деген ойдамын. Жаңартылатын қуат көздерін пайдалану жобасына қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Италияда ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм өте жақсы дамығанын білеміз. Осы бағыттар бойынша да іскерлік байланыс орнатсақ деген ұсынысым бар. Біздің кәсіпкерлерді, ауыл шаруашылығы өкілдерін Италияға жіберіп, тәжірибе жинату жағын қарастырайық. Біз өндіріс пен білім саласына басымдық беріп отырмыз. Білім саласына да инвестиция құюға шақырамыз. Өңірде Италия тарапынан оқу орнын ашамыз десеңіздер, қолдау көрсетеміз. Жалпы аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша әрдайым әріптестік орнатуға, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.


 Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі ұсыныстарды қарастырып, тиісті жұмыс жүргізетінін айтты.
– Қанша аймақта болсам да, Түркістан өзіне тартып тұрады. Бүгінгі іске қосылған жобамыз – болашақ жобалардың бастамасы. Екі елдің арасында тұрақты әуе рейстерін көбейтуді қолға алу маңызды деп есептеймін. Осы арқылы Италия саяхатшылары Қазақстанға және Түркістанға келеді. Еуропалық туристер тарихи орындарды, көне қалаларды, ескерткіштерді аралап, зерттегенді жақсы көреді. Бұл ретте Түркістанның орны айрықша. Туризм саласы бойынша гидтер даярлауға қолдау көрсетуге де дайынбыз. Осы өңірді дамытуға үлес қосқымыз келеді, – деді елші. 
Кездесуде «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллавато да байланыстарды нығайту бағытында ой қозғады. Түркістандағы Күлтөбе қалашығын жарықтандыру, күн панельдерін орнату жоспары бар екенін мәлімдеді. Осы бағытта ЮНЕСКО-мен және Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарылмақ. Егер ЮНЕСКО-мен келісімге қол жеткізілсе берсе, туристік әлеуетті көтеретін жоба жүзеге аспақ. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

691

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.