Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Жаңалықтар 7 мамыр, 2025

Мәліметтерге сәйкес, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды. Ал Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады,- деп хабарлайды turkistan.today

Жалпы алғанда, Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалына қарасты су қоймалары 328 млн текше метр тасқын су жинады.

Қазіргі уақытта филиал суару маусымына дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен су алуға өтінімдер жиналып, су беру туралы келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар каналдарды тазалау, су есептегіш құралдарды орнату және су бекеттерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қарағанды филиалының нысандарында көктемгі тасқын кезеңі қалыпты жағдайда өтті. Бұл – алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі», – деді Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Муслим Аққожин.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.