Қалада жасақталған балалар алаңшалары 70-ке жуықтады

Қалада жасақталған балалар алаңшалары 70-ке жуықтады
Түркістан қаласында тұрғындар жайлылығы үшін жасақталған балалар ойын алаңшасының жалпы саны - 70-ке жуықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Өткен жылдың қорытындысымен шаһар 10 балалар ойын алаңшасы және стридворкаудпен толыққан болатын.

Биыл жылға 15 нысанда балалар ойын алаңшасын стридворкауд және футбол алаңшасымен бірге жасақтау қарастырылса, қазіргі таңда нақты 10 нысанның құрылысы қарқын алды.
Бүгінде аталған жоба аясында жүйелі құрылыс жұмыстары жүруде.
Атап айтқанда, А. Байқоңыр, Самал, Қобыз көшелерінде балалар ойын алаңшасы мен стридворкауд жасақталып, жанына футбол алаңшасы да салынды.

Сонымен қатар, Ы. Дүйсенбаев, Құлан, Б. Майлин, Д.Нысанбаев көшелері мен №8 мектебі аумағынан ойын алаңшалары мен стридворкаудтар бой көтерді.
Одан бөлек, тұрғындар сұранысына сәйкес, №9 Некрасов, №16, №26,№24 мектептері және С.Рахимов мектебі аумағында футбол алаңшасының белгіленіп, құрылыс жұмыстарының 80% жүзеге асып үлгерді.
Жалпы, қала аумағындағы алаңшалар тұрақты түрде зерделеніп отырады. Нысандарға жауапты мердігер бір жылдық кепілдік береді.
Бір жылдан соң, зақымдалған балалар ойын алаңшасы немесе стридворкаудтар әкімдік тарапынан қайта қалпына келтіріледі.

Соңғы зерделеу нәтижесінде жөндеуді қажет ететін бірнеше алаңша анықталған болатын.
Атап айтқанда, 2019 жылы қабылданған Жәңгір хан көшесіндегі алаңша, Т.Рысқұлов, Қорқыт ата, Гауһар ана, Б.Майлин көшелері мен Шәуілдір тас жолы аумағында және І-ІІ мөлтек аудандары ауласында жасақталған 4 балалар ойын алаңшалары мен спорт ойын алаңшалары бөлім тарапынан жөнделіп, жаңартылуда.v

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0