Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 24 тамыз, 2023

«Бизнес жол» жобасы аясында «Шымкент Цемент» ЖШС басшылығы жергілікті атқарушы органдары тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Кәсіпкер өз шағымында келісімшарт бойынша қосымша келісімге қол қойылмағандықтан шөгінді жыныстарды (әктастарды) өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметін жалғастыра алмай жатқанын көрсеткен.

Қажетті құжаттардың толықтығына қарамастан, әкімдік қол қоюды 6 айға кешіктірген.

Кәсіпкерлік субъектісінің шағымынан кейін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп құзыретті органдармен кеңес өткізді. Нәтижесінде, ЖШС мен әкімдік арасында қосымша келісімге қол қойылып, жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.

605

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.