Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі өтеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 наурыз, 2024

19-21 наурызда Тараз қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі аясында бірқатар іс-шаралар өтеді,- деп хабарлайды turkistan.today.

Іс-шаралар бағдарламасы тікелей ТМҰ ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін, ТМҰ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысын, 3-ші Түркі Агро Форумын және компаниялармен В2В кездесулерді, ECOSA тұқым конгресін, тұқым шаруашылығы жөніндегі форумды және бірақатар екіжақты кездесулерді қамтиды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімдігі мен ExpoGroup ВАК Таразда KazAgro Zhambyl 1-ші халықаралық форум-көрмесін ұйымдастыруда. Форум бағдарламасына Наурыз мейрамын кең көлемде тойлау және 5 000-нан астам келушілер - Түркі Мемлекеттері Ұйымының ауыл шаруашылығы министрлері, Қазақстанның, сондай-ақ алыс және таяу шетелдердің АӨК саласының өкілдері қатысады.

KazAgro Zhambyl форумының негізгі қатысушылары – Тұқым өндірушілер ынтымақтастығы елдерінің экономикалық қауымдастығы (ECOSA) және Тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығы (TSUAB). Көрмеге келушілерге арналып Қытайдан келген өндірістік компаниялар өкілдерінің экспозициялары дайындалды, олар ауыл шаруашылығы өнеркәсібіне арналған озық құралдарды көрсетеді.

578

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.