"Банкроттыққа" өтініш бергендердің көбі Түркістаннан облысынан
Президент 2022 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңға қол қойғаны мәлім. Заң жыл басында күшіне енді. Банкроттыққа арыздар наурыз айынан қабылдана бастады.
2,5 мыңға жуық қазақстандық өзін «банкрот» деп тануға өтініш бергені анық болды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді.
Көш басын Түркістан облысының тұрғындары бастап тұр. Өңірден 289 адам арыз тастаған. Екінші орында Алматы-238, Алматы облысынан да 238 адам өзін «банкрот» деп жариялағысы келеді. Несие қарызынан құтылғысы келетіндерден өтініш қабылдау әлі жүріп жатыр. Өтінішті «eGov.kz» порталы, «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына барып бере алады. Бүгінде банкке қарызын төлей алмай жүрген 1 миллион 180 мың қазақстандық бар. Олардың жалпы берешегі 1 триллион 100 миллиард теңгеден асады.
Естеріңізге сала кетсек қарызын кешіруді сұрағандар үшін жағымсыз жайттар да бар екенін естен шығармаған жөн. «Банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі. Бұдан өзге 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.