Келес ауданында 14 жасар механик тұрады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 қазан, 2023

Келес ауданында техниканың тілін меңгерген 14 жасар бала тұрады ,- деп хабарлайды Turkistan Today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

9 сыныпта оқитын Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл автокөлік жөндеумен айналысады. Мектептегі сабағынан босаған сәттен-ақ, аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Тіпті, қазір ауыр техниканы тізгіндеп те үйренген көрінеді.

- Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомеханика саласында еңбек еткен. Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзім де зейнетке жеткенше шопыр болып жұмыс істегенмін. Бүгінде немерелерім де осы салаға қызыққан соң білмегенін үйретіп отырамын, - дейді Еркебұланның атасы Төлеген Мәуленов.

Еркебұлан қазір ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жете меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса да, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізіп, көмектесуде. 14 жасар жасөспірім келешекте мықты механик болуды армандайтын көрінеді.

Еркебұлан техниканың тілін меңгерумен қатар мектептегі сабағына да ұқыптылықпен қарайды. Ұстаздары жас та болса жан-жақты баланың болашағынан зор үміт күтеді.

604

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.