Себебі айтылмаған.
Педагогтар Түркістан облысындағы барлық мұғалім осындай проблемаға тап болғанын айтады, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұстаздар қауымы білім министрлігіне, прокуратураға және облысқа жүгінген, бірақ одан нәтиже болмапты. Күні кеше облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы өз атауын білім департаментіне ауыстырып жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген құжат пен мөрлерді өзгертуге тура келген. Осыдан кейін ғана қазынашылық мұғалімдердің шоттарына ақша аудару үшін код бере алды екен.
"Кеше бізге жалақы төлеуге рұқсат беретін код келді. Біздің қарамағымызда 23 мектеп бар, ауыл мектептері жалақы алып үлгерді, өйткені олардың бухгалтериясы орталықтандырылған. Жан басына қаржыландыру бойынша жұмыс істейтін мектептер сәл кейінірек алады", деді Кентау қаласының білім бөлімінің әдіскері Ғазиза Қалымбетова.
Өңірлік телеарна Кентау мұғалімдеріне күні кеше жалақы төленгенін нақтылайды. Облыстың басқа аймақтарында жағдайдың қалай екені белгісіз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.