Кентауда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 65 мың түп гүл егіліп жатыр

Кентауда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 65 мың түп гүл егіліп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Кентау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды,- деп хабарлайды turkistan.today.

Қаланың кіреберіс келбетіне көрік беру мақсатында жерді қопсыту жұмыстары атқарылып, 5 мың дана раушан гүлі отырғызылды. Одан бөлек, 20 мың дана раушан гүлін шаһар көшелеріне, ал аллеялар мен саябақтарға 40 мың дана біржылдық гүлдер отырғызу жоспарлануда. 

Сонымен қатар, қаладағы аллеяларды көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда орындықтар мен қоқыс жәшіктерін әрлеу, жарықшамдарды жаңарту, талдарды әктеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, саябақтарға шырша, қарағаш көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 500 түп қарағаш көшеттері беріліп, қазіргі таңда «Жасыл аймақ» аймағына отырғызу жұмыстары атқарылуда. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0