Кентаулық шаруа бір гектар жылыжайдан 50 тонна өнім алып отыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 ақпан, 2024

Кентау қаласы, Қарнақ ауылының тұрғыны Абдашим Юлдашев жылыжай шаруашылығын қолға алған,- деп хабарлайды turkistan.today.

Үйіргелік диқандықтан бастаған кәсіп иесі бүгінде бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алады.

«Қазіргі таңда қол астымда 10-ға жуық жұмысшы бар. Өнімді жинайтын уақытта жалдамалы жұмысшыларды көбейтемін. Бұл кореялық әдіспен жасалған жылыжай. Жылыжайдың басым бөлігіне қызанақ егіледі. Қазіргі уақытта сұраныс өте көп. Алғашқы өнімді алдағы мамыр айында жинап аламыз»-, дейді кәсіп иесі.


Шаруаның сөзінше, бір өнімнің өзінен 40-50 тонна аралығында көкөніс жиналады. Бүгінде қызанақ пен қиярлары Кентау, Түркістан қалаларына жіберіледі. Сондай-ақ, шаруа иесі қосымша 3 гектар жерге жылыжай салуды қолға алған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

519

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.