«Киелі мекен»: Бәйдібек ата мен Домалақ ана кесенелерінде сенбілік өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 17 сәуір, 2024

«Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданындағы кесенелердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылуда,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Бәйдібек ата және Домалақ ана кесенесі, Аппақ ишан сәулет-көркем мұражайы мен Ақмешіт үңгіріне сенбілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кесенелердің аумағына түрлі ағаш көшеттері отырғызылуда. Игі бастаманың басы-қасында жүрген жастар аудандағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің келбетін ретке келтіру жұмыстарын да атқаруда.

Жалпы аудандағы сенбіліктерге аймақ тұрғындары белсенді түрде қатысуда. Әрбір ауылдағы көшелер тазаланып, қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылып жатыр. Сонымен қатар, ретсіз өскен және қураған талдар бұталып, түптері әктелуде.

725

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.