«Киелі мекен »: Түркістанда Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешен аумағы қоқыстан тазартылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 17 сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласында жұмыстар жалғасып жатыр. Киелі шаһардағы тарихи орындар қоқыстан тазарып, абаттандырылуда,-деп хабарлайды turkistan. today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті тазалық жұмыстары Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешенде өтті. Аталған кешендегі тазалық жұмыстары барысында нысан аумағы ретке келтірілді. Сонымен қатар, келушілерге арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері әрленді. Шараға атсалысқан тұрғындар акция аясында шаһардың қоғамдық орындары тазарып, көркі кіріп қалғанын айтты. Тазалық мәдениетін қалыптастыруда акцияның тәрбиелік мәні зор екенін жеткізіп, түркістандықтарды акцияға үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, апталық басталғалы Ясауи кесенесі аумағы тазаланып, 62 мыңнан астам гүл егілді. Сондай-ақ, шаһардағы мәдениет ошақтары да өз аумақтарын тазалап, белсенділік танытуда.   

683

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.