Қымыз бағасы бір жылда 21% өсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 18 тамыз, 2023

Қымыздың құны литріне 1,5 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Turkistan Today.

2023 бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 1,2 мың тонна қымыз өндірілді, бұл 2022 жылдың қаңтар–маусымымен салыстырғанда бірден 55,9% артық. 2017 жылдан бері ең жоғары жылдық өсім 47,4% болғанын ескерсек, бұл жақсы үрдіс. Соңғы екі жылда бие сүтінен ашытылған сусын өндірісінің жалпы көлемі 2,1–2,2 мың тонна аралығында өзгерді. Бұл көрсеткішті бес жыл бұрынғы деректермен салыстыратын болсақ, айырмашылық: 70%-дан астам.

Осынау сусының жылдар бойы өсу себептерінің бірі ретінде шикізатты — бие сүтін өңдеу көлемінің артуы деп санауға болады. Өйткені, қымыз өндіру динамикасын сүт өнімділігінің өсуімен салыстыратын болсақ, екінші көрсеткіште айтарлықтай серпін байқалмайды. Егер 2017 жылы шаруа қожалықтары мен жеке қожалық иелері 26,6 мың тонна бие сүті сауылғанын айтса, 2022 жылы бұл көрсеткіш небәрі 10,4% артық: 29,4 мың тонна болды.

Қазақстанда бие сүтін өндіру үшін асыл тұқымды жылқы өсіруге маманданған ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары аз. 2022 жылы жалпы сауылған сүттің жартысынан астамы (58%) жеке қосалқы шаруашылықтарда, тағы 37,7%-ы жеке кәсіпкерлердің немесе шаруа қожалықтарында алынды.

Өңірлер арасында сүт өнімділігі бойынша абсолютті көшбасшы Түркістан облысы; Бие сүтінің жалпы көлемінің төрттен бір бөлігіне жуығы (24,4%) осы оңтүстік өңірдің шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарында алынады. Қарағанды облысында да көрсеткіш жоғары: 21,7%.

Шұбат өңдеу ісі де осындай жағдайда. Түйе сүтінен ашытылған сүт өнімін өндіру 2022 жылы 3,1 мың тоннаны құрады: 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда өсім екі есеге жуық болды. Сонымен қатар, сүт өндірісінің өзі осы кезеңде айтарлықтай өскен жоқ: бар болғаны 16,7%. Былтыр түйе ұстайтын шаруашылықтар 17,5 мың тонна шұбат шикізатын алған.

Алайда, қымыз өндірісіндегі өсім азды-көпті біркелкі болса, шұбат өндірісі біркелкі емес. Мәселен, 2019 жылы өндіріс бірден 4,6 мың тоннаға дейін өссе, кейін секторда екі жылдық құлдырау байқалды, жағдай былтыр ғана теңестірілді.

Биылға келетін болсақ, бірінші жартыжылдықта аталған ашытылған сүт өнімінің өндіріс көлемі 2022 жылдың қаңтар–маусым айларымен салыстырғанда 13% артып, 1,5 мың тоннаны құрады.

Интернет-сауда алаңдарында жарияланған жеке сатушылар мен фермерлердің хабарландыруларына қарағанда, тамыз айының ортасында шұбаттың бір литрінің ең төменгі құны 700 теңге, ең жоғарысы 1,5 мың теңге болған. Қымыз сәл қымбаттады: литрі 1–1,3 мың теңгеге дейін, өндірушілер 1,5 теңгеден сатты.

Айтпақшы, биыл екінші тоқсанда ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қымыз бағасы 2022 жылдың сәуір–маусым айларымен салыстырғанда 20,5% қымбаттады. Бір жыл бұрын қымыздың қымбаттауы 24,2% болды.

4.9k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.