Семейдегі сайлау: Тоқтар Жақаш пікір білдірді

Жаңалықтар 13 қазан, 2025

Семейде әкім сайлауы өтті. Бұл қала Қазақстандағы тұңғыш рет қала әкімі сайланған шаһар ретінде тарихта қалды. Осы орайда Тоқтар Жақаш өз Facebook парақшасында пікір білдірді,- деп хабарлайды turkistan.today

"Кеше Семейде тұңғыш рет қала әкімін халық дауыс беріп, сайлап тастапты. Пабликтердегі жазбаларға қарасам, семейліктер дауыс беруге белсене қатысыпты. Бұрын «қала мен облыс әкімдерін сайлауға болмайды, рушылдықты қоздырады» деген пікір бар еді ғой. Сол пікірдің күлі көкке ұшқан тәрізді. 
Өйткені, облыс орталығы тұрғындары жай дауыс беріп қана қойған жоқ. Олар болашақта қандай қалада тұрғысы келетінін өздері анықтады. Енді сайланған әкім халықтың сенімінен шығуы үшін ауыр жауапкершілікті мойнына артады. Себебі, ол енді облыс әкімінің алдында емес, халықтың алдында есеп береді. Сөйтіп, сайлау алдында берген уәдесінің үдесінен шығуға тырысады. 
Ауыл мен аудан әкімдерін сайлау арқылы ауылдық жерлердегі әкімдер корпусының жаңарғанын байқауға болады. Мемлекеттік қызметте бұрын істемеген, әр мәселеге басқаша ойы бар азаматтар көптеп жиналды. Оның үстіне, енді олар саяси карьерасын одан әрі асыруына да мүмкіндік туды. Елімізде мемлекеттік қызметшілердің жаңа формациясы осылай-осылай, біртіндеп жүзеге асатын шығар"- деп жазды ол.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.