Қытай Халық Республикасы Санжэ провинциясының басшылығы бастаған қытайлық бизнес өкілдерімен бірлескен бизнес форум өтті,- деп хабарлайды turkistan.today.
Аталған форумға Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған бір топ делегация өкілдері де қатысты.
Форум аясында Түркістан облысының делегациясымен инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша екіжақты В2В форматында келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар форум қатысушыларына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдаулар мен инестициялық ахуалы жөніндегі арнайы бейнеролик таныстырылды.
Санжэ провинциясының томат, ноқат және тамшылатып суғару жүйелерін шығарушы компаниялары өңірге қызығушылық танытып, облыс кәсіпкерлерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.