Жуырда Түркістан қаласына Қытай Халық Республикасы, Юэцин қаласының өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келген болатын. Мақсаты киелі мекенге инвестиция құйып, бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларға қолдау білдіру. Басқосу барысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Юэцин қаласының Вице-мэрі Джуо Сайлонг екі қала арасындағы бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойды.
Осы бойынша редакция атынан бірқатар сұрақтармен Түркістан қаласы әкіміне сұрату хат жолдадық. 4959 шақырымды аралықта орналасқан Юэцин қаласы таңдалып алынды? Түркістан қаласының тағы да қай қалаларымен бауырластық қатынастар орнатылды? Сонымен қатар ҚХР елімен вища жеңілдетілген соң, Түркістанға биыл келген турист және т.б сұрақтарға жазбаша жауапты жариялайды, деп хабарлайды turkistan.today.
“Сіздің, Қытай Халық Республикасының (Бұдан әрі – ҚХР) Юэцин қаласының вице-мэрі Джуо Сайлонгпен екі қала арасындағы бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қатысты өтінішіңізге сәйкес, төмендегіні хабарлаймын.
1. Юэцин – теңіз жағалауында орналасқан порты қала. Қытайдың оңтүстігіндегі әйгілі экономикалық, туристік орталығы және көлік торабы болып саналады. Қытай еліндегі 100 мықты қаланың ішінде 13-орында тұр. Әлемдегі 6 мемлекетпен келісімшартқа тұрып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Юэцин қаласының өкілдерінің бастамасына сәйкес, бауырластық орнату туралы меморандумға қол қойылған.
2. Екі қала арасындағы бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қоюға вице-мэрі лауазымы әкім орынбасары іспеттес болғандықтан, қол қоюға лауазымы жеткілікті екендігін назарыңызға жеткіземіз.
3. Кездесу барысында Юэцин қаласының өкілдеріне Түркістан қаласының кәсіпорын, өнеркәсіп орындарын ашуға тиімді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілген «Түркістан» индустриялды аймағы және туристік нысандарды салуға ыңғайлы аймақ «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы таныстырылды. Өз кезегінде Юэцин қаласының вице-мэрі Джуо Сайлонг Түркістан қаласымен экономика және сауда, білім және мәдениет салалары бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізіп, әріптестік құрметке ризашылығын білдірді.
4. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы Өзбекстан мемлекетінің Самарқанд қаласымен, Түркия мемлекетінің Мальтепе, Үскідар және Зейтінбурну муниципалитеттерімен, Тәжікстан мемлекетінің Худжанд қаласымен бауырластық қатынастар орнатылған.
5. Ұлттық статистика бюросының ағымдағы жылдың І-тоқсанындағы мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласына ҚХР-нан 34 азамат келген”,-деп жауап берді Әлмахан Мұхтар Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің бас маманы.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.