Ұлттық құндылықтар діңгегі мұражайдағы көне жәдігерлер негізінде жатыр. Адамның тұлға болып қалыптасуына құнды көне қолжазбалар мен жәдігерлер оң әсер етері хақ. Тарихын танып өскен елден ұлтын сүйетін ұлағатты ұрпақ тарайды. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Ал қатпарлы тарих бетінде таңбаланған ғасырлар қойнауы ғажайыпқа толы кешегі күннің куәсі. Халқымыздың асыл мұраларын көздің қарашығындай қастерлеп, келешек ұрпаққа аманаттау жолындағы «AMANAT» партиясының үлесі қомақты, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бүгін партия атынан Қызылорда облыстық мәслихатына үміткерлер облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламада қамтылған осы бағыттағы жұмыстарды жеткізді.
Кездесу барысында кандидат Алмас Рахметов партия бағдарламасында да ұлттық мұраларды қастерлеу партияның басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.
Үміткер Қуандық Миралиев: Мұражай – рухани құндылықтарды сақтап, көне замандардан тамыр тартқан құнды қазына екенін білеміз. Дегенмен біздің өңірде әліде ашылмаған тарих сырлары бар. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды зерделеуге партия тарапынан қолдау көрсетіміз деп атап өтіп, 19 наурызда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Жалпы кездесу барысында барлық үміктерлер сөз алып, партияның мәдени мұрамызды сақтау, рухани-мәдени дамуға жағдай жасау бағытындағы кешенді шаралармен бөлісті. Сонымен қатар ұжым қызметкерлерінің ұсыныс-пікрдерін тыңдады.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.