Қолымнан мәйіттің иісі шығады, тамақ жей алмаймын – жерлеушілер күніне 100-ге жуық мәйіт тасыған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 20 ақпан, 2023

Зілзала болған аймақта күніне 100-ге жуық мәйіт тасыған жерлеушілердің де психологиясы нашарлады деп Turkistan Today хабарлайды, inbusiness.kz және БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қахраманмараштағы жер сілкінісінен бері 14 күн өтті.

Ұзақ уақыт үйінді астында жатқандықтан өлі денелерден иіс шыға бастаған. Бұған осы жақтағы жерлеушілер куә.

Жер сілкінісінен кейін Адыяманға келген Мұстафа Четинкая:

"Біз осы уақыт ішінде көптеген өлі денелерді тасыдық. Уақыт өткен сайын мәйіттен иіс шыға бастайды. Соңғы күндері үйінді астынан өлі денені бірінен соң бірін алғандықтан, қолымнан иіс шыға бастады. Тіпті мәйіттердің иісінен тамақ жей алмай қалдым", - деді. 

Ал 26 жыл осы жұмыспен айналысып келе жатқан Хақтан Қабай "Міндетіміз осы болғанымен, мұндай жаназаларға үйренбегенбіз, психологиямыз бұзыла бастады" деді.  

"Біздің көліктің сыйымдылығы екі дене. Адыяманда 6 мәйітті көлігімізге салған күндер болды. Көрініс жүрегіңді ауыртады. Мал-мүлік деген бос әурешілік екен ғой деген ойға келесің. Біз сөздің біткен жеріндеміз. Күніне 100 мәйітті көрдік, бұл оңай емес. Психологиямызға әсер етіп жатыр. Қазір мәйіттерден иіс шыға бастады. Алдыңғы күні үйінді астынан бір адамды шығардық. Туыстары диагноз үшін келді, иіске екі секунд қана шыдай алды", - деді ол. 

Сонымен қатар ерікті ретінде барған жас жігіт үлкен қалалардан мәйіттің иісі шығатынын айта келе: "Біз қираған жерлерге кірген кезде тек мәйіттердің иісін сеземіз. Мұндай апатты мен бірінші рет көріп тұрмын, оны қалай сипаттарымды білмеймін. Оны түсіну үшін, келіп көру керек", - деді.

 

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.