Композитор Серік Еркімбековтың «Отаным» атты авторлық кеші өтті

Мәдениет 26 қаңтар, 2025

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында ҚР Мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек  Еркімбековтың 95 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, пианист Серік Еркімбековтың «Отаным» атты авторлық кеші өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Жексембек Еркімбеков - 1966-1976 жылдары Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде өнер басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, 1976-1987 жылдары Мәдениет министрі болып қызмет етті. Ол басшылық еткен кездері Алматы қаласында 200-ге жуық мәдениет мекемелері мен ғимараттары бой көтеріп, қала мен еліміздің мәдениетінің дамуы жолында еселі еңбек етті.

 
Кеште филармония құрамындағы екі ірі ұжым, дирижер Қанат Омаровтың жетекшілігімен Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуовтің жетекшілігімен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев,  Мемлекеттік «Дарын»  сыйлығының лауреаты – Асқар Мұқият, Париждегі халықаралық байқаудың лауреаты (Гран При) - Нұргүл Нүсіпжан, Халықаралық байқаудың лауреаттары: Гүлнұр Саргизова, Ақынер Айлин, Шыңғыс Нұрғалиұлы, Аружан Төлепберген және К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ скрипкашылар ансамблі өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада композитор Серік Еркімбековтың оркестр мен хорға арналған үздік шығармалары «Шәкәрім» симфониясы, «Мәңгілік алау» балетінен пролог және тағы да басқа туындылары орындалды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.