Кореяға жұмысқа кеткен қазақтар келін әкеле бастады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 4 шілде, 2023


Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны корей қызын келін етіп түсірді, деп хабарлайды Turkistan Today Turkistan.tv-ға сілтеме жасап.

Сәкен мен Суджин Лидің отау құрғанына екі айға жуық болыпты. Корей қызы Түлкібасқа келін болып түскен соң қазақы дәстүрмен беташары өтіп, некесі мешітте қиылған.


Сәкен Кореяда 4 жылға жуық жұмыс істеді. Сол жақта жүргенде болашақ жары Суджин Лимен танысқан. Көпқабатты үйде тұратындықтан әке-шешесімен де кездесіп жүріпті. Таныстық соңы махаббатқа ұласқан. 
«Балам қоңырау соғып, келін екеуіне билет алып қойғанын айтты. Жас емес қой, шешіміне қарсы болмадық. Қазір келінімізді іздеп отырамыз. Екі-үш күн қалаға кетсе сағынып қаламыз»,- дейді Сәкеннің әкесі. 


Суджин бүгінде ақ орамалын басынан тастамайтын, ет асып, бауырсақ пісіретін нағыз келінге айналған. Қазақ тілін де үйреніп қалған. 


«Келініміздің құжаттарын реттеу жағы қиындық тудырып жатыр. Тіпті «депорт» жасап жібере ме деп уайымдап отырмыз. Себебі, Кореядан біраз құжаттар алдырып осында тіркеуіміз қажет. Соған елшіліктен үлкен көмек болса деген өтінішіміз бар. Барлығы реттелген соң Кореядан құдаларды шақырып, ұлан-асыр той жасауды жоспарлап отырмыз», - дейді Бауыржан Мақұлбеков.

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.