Қостанайлық кандидаттар «Баян Сұлу» АҚ еңбек ұжымымен кездесті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 13 наурыз, 2023

Кездесуде сайлаушыларға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

«Баян  Сұлу» – еліміздегі кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысатын ірі кәсіпорын. Зауыт 300-ден астам тауар түрін өндіреді.

Кездесу барысында кандидат Нұрбол Байзиров салық саясатын және басқа да заңнамалық актілерді қайта қарау арқылы партия ірі өндіруші компанияларға шикізатты елімізде қалдырып, терең өңдеуге инвестиция салудың тиімді болуына қол жеткізетінін атап өтті.

«Қазақстандықтар жоғары сапасымен халықаралық деңгейде танылу үшін «Қазақстандажасалған» тауарларымен мақтанатын болады. Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне сенім білдіреміз. Ірі, орта және шағын қазақстандық бизнесті қолдау арқылы экономикамызды одан әрі көтере аламыз»,  - деп толықтырды кандидат Аруна Жақсағұлова.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салады.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

 

 

 

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.