Қостанайлық полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлына экскурсия өткізді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 тамыз, 2023

Полицияның аға лейтенанты Аслан Кокжанов Қостанай қаласының станциясындағы көліктегі полицияға қарасты криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істеген болатын, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

7 жыл күткеннен кейін Асланның көптен күткен ұлы – Алинур дүниеге келді.

2018 жылдың 6 тамызында Алинур 6 айлық болғанда Аслан ауыр және ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Туыстары мен жақындары естелік ретінде форма киімдерін қалдырған. 

Туыстары мен жақындары әрқашан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетіп келеді. Қазір Алинур Астана қаласында тұрады. Ол Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайын көруді армандаған. Оның ол арманы орындалып, ол атасы Гусман Тасмағамбетов бірге 27 шілдесінде мұражайға келді.

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері болашақ полицейге кинологиялық орталықты, жылдам қимылдайтын арнайы жасақты, атты әскер взводын көрсетіп, Алинурға ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Алинур экскурсиядан үлкен әсер алып, мектепті аяқтағаннан кейін міндетті түрде ҚР ІІМ полиция академиясына түсіп, Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныштығын қорғайтынын айтты.

Болашақ қызметкерге полицейлер мектепте жақсы оқуды, спортпен шұғылдануды және Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуды тіледі!

829

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.