ҚР-да сумен жабдықтау көлемі бір жылда 4% көбейді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 27 шілде, 2023

Секторға салынған инвестиция 40%-дан артық ұлғайды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биыл қаңтар–мамыр қорытындысы бойынша, сумен жабдықтау кәсіпорындары қазақстандықтарға 1,2 млрд куб метр табиғи су берді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,3% артық.

Өңірлер бойынша ең көп көлем Маңғыстау облысына тиесілі: 489 млн куб метр — бір жыл бұрынғымен шамалас (0,2% өскен). Үш жетекші өңірдің қатарында Қарағанды облысы (156,4 мың куб метр, 10,6% азайған) мен Алматы (101 млн куб метр, 5% көбейген) бар. Ең төменгі көрсеткіш Жетісу облысында тіркелді: 7,7 млн куб метр.

Құндық мәнде сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, сондай-ақ ластануды жою жөніндегі іс-шаралар секторындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі бір жыл бұрын 156,1 млрд теңге болса, биыл 137,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату және материалдарды кәдеге жарату 64,8 млрд теңге, суды жинау, өңдеу және бөлу — 52,9 млрд теңге, сарқынды суды жинау және тазарту — 19,2 млрд теңге, ластануды жою және қалдықтарды жою саласындағы басқа да қызметтер — 408,4 млн теңге.

Республика бойынша сумен жабдықтау кәсіпорындары берген барлық судың 60,5%-ы ауыз су емес суға тиесілі: 740 млн куб метр — бір жыл бұрынғыдан 5,2% артық.

Өңірлер бойынша ішуге жарамсыз су дәстүрлі түрде ең көп Маңғыстау облысына тиесілі: 477,8 млн куб метр (бір жылда 0,2% көбейген). Екінші және үшінші орында Қарағанды (106,2 млн куб метр, бір жылда 2,7% азайған) және Шығыс Қазақстан (52,3 млн куб метр, 13,8% азайған) облыстары.

Берілген ауыз су көлемі 483,3 млн куб метр, жылдық өсім — 3,1%.

Ауыз судың ең көп көлемі Алматыға түсті: 101 млн куб метр, бір жыл бұрынғыдан 5% артық. Одан кейін Қарағанды облысы (50,2 млн куб метр) мен Астана (44,2 млн куб метр).

Биыл маусымның қорытындысы бойынша, сумен жабдықтау қызметі бір жылда 5%, су бұру қызметі 9,2% қымбаттады.

Сумен жабдықтау қызмет Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында ең көп қымбаттады: тиісінше 38,3%, 30% және 24,5%. Алматы облысында баға бұрынғы деңгейде қалды. Екі облыста қызмет арзандады: Алматыда (0,4%) және Қызылорда облысында (3,1%).

Су бұру қызметі Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында айтарлықтай қымбаттады: тиісінше 38,8%, 31,3% және 30%. Алматы облысы мен Алматы қаласында баға өзгерген жоқ. Бұл ретте тарифтер кейбір өңірлерде төмендетілді: Қызылорда (0,3%), Абай (1,9%), Ұлытау (8,1%) және Ақтөбе (9,2%) облыстарында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі су тарифтерін (шаруалар үшін арнайы суару суы) суару әдісіне қарай белгілеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Суды арна арқылы тасымалдау кезінде қазір артық шығын тіркеледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, суды тиімсіз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Дегенмен, әзірге су шаруашылығы ұйымдарын жауапкершілікке тартудың бірде-бір дерегі жоқ.

Биыл бірінші жартыжылдықта сумен жабдықтау, су бұру, сондай-ақ қалдықтарды жинау және бөлу саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 194,6 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғымен салыстырғанда ақшалай түрде 43,9% артық. Инвестициялардың нақты көлемінің нақты өсімі 41,2%.

Ең көп қаражат суды жинауға, өңдеуге және бөлуге бағытталды: 135,4 млрд теңге. Сарқынды суды жинау және өңдеуге 51,8 млрд теңге, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату сегментіне 7,3 млрд теңге бөлінді.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.