Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат оларды қоғаммен ықпалдастыруға бағытталған
Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектердің амандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы екендігі жөнінде ақпараттарды ұсынамыз,- деп хабарлайды turkistan.today
Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат оларды қоғаммен ықпалдастыруға бағытталған. Мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген толық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарға, сонымен бірге, білім алуға, қызмет түрін, оның ішінде еңбек қызметін еркін таңдауға ие. Жұмыс беруші кәсіпорындарды тексеру барысында мүгедек қызметшіге қатысты еңбек заңнамасын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыс беруші мен мүгедектігі бар қызметшілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуші негізгі қағидалар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қамтылған. Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.
Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін немесе оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.Жұмысты нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режімі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ,тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды.
Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде, сондай-ақ, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген қосымша кепілдіктер берілуі мүмкін.Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс уақыты, жүктемені азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық қорытындыларды орындауға міндетті.Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. Олардың күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.
Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары және әлеуметтік қорғау және оңалту, әлеуметтік инфрақұрылым мен ақпаратқа қол жеткізу, білім алу, жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету жағдайлары.
Еліміздің заңнамасына өзгерістер енгізіліп, енді «мүгедек» термині «мүмкіндігі шектеулі жан» терминімен ауыстырылғанын атап өткеніміз жөн, себебі бұл азаматтардың аталған жандарға құрметпен қараудың маңыздылығын айқындайды.Сондай-ақ Қазақстан 2015 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қол қойып, ратификациялады, бұл ел азаматтарына БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті арқылы өз құқықтарын халықаралық қорғауға жүгінуге мүмкіндік берді.
Мүгедектердің бірқатар кепілдік берілген құқықтары бар, соның ішінде әлеуметтік қорғау және оңалту, әлеуметтік инфрақұрылым мен ақпаратқа қол жеткізу, білім алу, жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету, тұрғын үй жағдайлары мен өмірдің әртүрлі салаларындағы басым қызметтер.Бұл шаралардың барлығы толерантты қоғам құруға және мүгедектердің құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын сақтауға бағытталған.Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін әлеуметтік қолдау мен қорғау үшін елімізде біршама шаралар қарастырылған.
Білім беру саласында, мысалы, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балалар үшін орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдау квотасы 0,5% мөлшерінде қарастырылған. Сондай-ақ олардың білім беру гранттарын тағайындау конкурстарына қатысу және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу кезінде басым құқығы бар.Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша жоғары оқу орындарында және орта кәсіптік оқу орындарында оқитын мүгедектер шәкіртақы ала алады.Жалпы немесе арнаулы білім беру ұйымдарында оқу мүмкін болмаған жағдайда мүгедек балалардың үйде білім алуына құқығы бар, бұл ретте олардың оқу шығындарын мемлекет көтереді.Жұмыспен қамту саласында жергілікті атқарушы органдар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілейді және кәсіпкерлікті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуы мүмкін. Қажет болған жағдайда кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді және оларға қосымша ақылы еңбек демалысы беріледі. Түнгі жұмыс олардың келісімімен және медициналық ұсыныстарды ескере отырып мүмкін болады.Сонымен қатар, заң еңбек нарығында мүгедектерді кемсітуге тыйым салады және мүгедектің денсаулық жағдайы кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтіретін немесе еңбек қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілерге олардың жұмысқа орналасуына және мансаптық өсуіне қатысты шектеулер қояды.Сондай-ақ елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік бюджеттен ай сайын жәрдемақы беріледі. Заңға сәйкес, бұл жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджетте ағымдағы жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне (КК) байланысты болады. 2024 жылы өмір сүру деңгейі 43 407 теңгені құрады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.