Серіктестер

Мәжілісте мүгедектігі бар балаларға арналған қызметтердің жетіспеушілігі талқыланды

Фото:ашық дереккөз
Фото:ашық дереккөз
Түркістан Бүгін, 20:14

Депутат Ұласбек Сәдібеков бүгін Мәжілісте мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың өзекті мәселелерін көтерді.

Ұласбек Сәдібековтің айтуынша, Қазақстанда арнайы оңалту орталықтарының жетіспеушілігі, инклюзивті сыныптардың аз болуы және білікті мамандар тапшылығы сияқты проблемалар әлі күнге шешімін таппай отыр.

Тек Түркістан облысында 20 мыңнан астам мүгедектігі бар бала есепте тұр, олардың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2022 жылмен салыстырғанда мүгедектігі бар балалар саны 612-ге өскен.

Сонымен қатар, көптеген балабақшалар ауыр диагнозы бар балаларды қабылдамайды, кейбір аудандарда арнайы балабақшалар мүлдем жоқ. Мектеп жасындағы балалардың шамамен 5 мыңға жуығы инклюзивті сыныптарда білім алса, 3 мыңнан астамы үйде оқыту формасымен қамтылған.

Депутат Үкіметке балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысын арттыру, оңалту орталықтарының санын көбейту, педиатр дәрігерлердің жетіспеушілігін шешу, сондай-ақ күтушілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.

Ұ. Сәдібеков бұл мәселенің тек Түркістан облысына ғана емес, республика көлемінде өзекті әлеуметтік мәселе екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.