"Махаббатымның бәйбішесі". Әбдіжаппар Әлқожа жұбайына көлік сыйлады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 1 қыркүйек, 2023

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұбайын туған күнімен құттықтап, көлік сыйлады. Өнер иесі әйеліне алғаш рет осындай тосынсый жасағанын жасырмады, деп Turkisatn Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жақында ғана "Бәйбіше" деген әнімен елдің талқысына түскен әнші Әбдіжаппар Әлқожа 9 жыл отасқан әйеліне алғаш рет көлік мінгізді.

Махаббатымның бәйбішесі, туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9 жыл болды. Тоғыз жылда сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап, жаныңда болмаппын. Осы жылы, осы жолы барынша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, оригиналым, - деп жазды әнші.

Видеодан Әбдіжаппар Әлқожа мен достарының әншінің жұбайын күтіп алып, құшақ-құшақ гүл ұсынғанын байқауға болады. Осыдан соң әнші әйеліне көлікті сыйға тартады. Желі қолданушылары Әбдіжаппардың отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырды.

"Сен мықты әйелсің, оны елдің бәрі біледі, бұндай азаматтың жары болу өте қиын, бақытты бол, қарағаым", "Бақытты болыңыздар", "Төрт баланы дүниеге әкеліп, жұбайының еркелігін көтерген әйелге не сыйласа да жарасады", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер. 

2.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.