10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» науқаны басталды,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда Мақтаарал ауданында мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда. Әсіресе, «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Шолпан» балабақшасы, «Достық» дәрігерлік амбулаториясы мен Мырзакент кенті әкімі аппараты, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері өз аумақтарында тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.
Іс-шара барысында мекеме ғимараттары әктеліп, шарбақтарға бояу жағылды. Сондай-ақ қураған шөптер шабылып, ағаштар әктеліп, гүлдер егілді. Сонымен қатар күл-қоқыстар шығарылды.
Ал Сайрам ауданы бойынша тазалық науқанына Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бөлімнің бағынысындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, аумақты қоқыстан арылтып, ағаш түптерін ақтап, ауданымыздың тазалығына өз үлестерін қосты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.