Маңғыстау облысында сирек кездесетін аң видеоға түсіп қалды (видео)

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 28 ақпан, 2023

Маңғыстау облысында тұрғындар сирек кездесетін аң - итаюді (медоед) видеоға түсіріп алды, деп Turkistan Today хабарлайды inaktau.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Басылымның жазуынша, тұрғындар итаюды көлікпен ен далада кетіп бара жатып байқап, видеоға түсіріп алған. Итаю адамарға айбат көрсетіп, кейін тығылып қалған. Басылымның мәліметінше, итаюды бұған дейін тұрғындар 2022 жылдың маусым айында қөрген. Сол кезде белгісіз адамдар оны жол талғамайтын көлікпен қуған. Айта кетейік, итаю (медоед) немесе қасқа борсық - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Ол негізінен Африкада, Азияда, Түрікменстанда мекендейді, ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Өмір сүру ұзақтығы - 24 жыл. Олар жалғыз өмір сүреді.

Итаю адамнан қорықпайды, кейде тіпті оған шабуыл жасауы да мүмкін. Сирек кездесетін аңның қалың терісіне кейде тіпті, мысық тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аңдардың да, улы жыландардың да тісі батпайды. Итаюдың алдыңғы аяқтары мен ондағы өткір тырнақтары және тістері олардың басты қорғану құралы болып табылады. Сонымен бірге олар скунстар тәрізді өздеріне шабуыл жасалғанда, бойларынан жағымсыз иіс шығара алады. Итаю дене тұрқы, ешкімнен қорықпайтындығы, өзін агрессивті ұстауы жағынан Қазақстанда сирек кездесетін тағы бір аң құнуға ұқсайды. 

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.