Түркістанда өткен «Ұмай ана» фестивалі ананың қоғамдағы рөлін, ұлттық құндылықтарды және отбасы институтының маңызын дәріптеген ерекше мәдени оқиға болды. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, өңірдің әр ауданынан келген 50 жастан асқан аналарды бір шаңырақ астына жинады. Фестиваль барысында қатысушылар ұлттық дәстүрлерді паш етіп, театрланған қойылымдар арқылы ананың мейірімін, отбасындағы орнын көрсетті,- деп хабарлайды turkistan.today
Сонымен қатар олар ұлттық тәрбиедегі тәжірибелерімен бөлісіп, көрерменге өнегелі үлгі ұсынды.
Фестиваль атауы бекер таңдалмаған. Ұмай ана – көне түркі мифологиясындағы бала мен ананы қорғаушы, ұрпақ жалғастығының қамқоршысы саналған қасиетті бейне. Түркі халықтары оны өмір мен құт-береке сыйлаушы рух деп дәріптеген. Бұл бейне қазақ мәдениетінде ананың мәртебесін, оның отбасы мен қоғамдағы орнын айрықша бағалайтын символға айналды.
Мұндай шаралар ұлттық сана мен мәдениетті жаңғыртып қана қоймай, жастарға ананың қадірін ұғындырады. Ұрпақ тәрбиесінде ананың орны ерекше екенін тағы бір мәрте айшықтайды. Фестиваль барысында қазылар алқасы қатысушылардың сөйлеу мәдениетіне, өнер көрсету шеберлігіне және ұлттық киім үлгісіне баға берді. Нәтижесінде, Мақтаарал ауданынан келген «Асыл аналар» тобы бас жүлдені жеңіп алды. Түлкібастан келген «Шаңырақ шуағы» екінші орынға, ал Бәйдібек ауданынан «Домалақ ана» тобы үшінші орынға лайық деп танылды. Басқа қатысушылар да түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
«Ұмай ана» фестивалі – жай ғана мәдени шара емес, қоғамдағы ананың мәртебесін көтеретін, отбасы құндылықтарын дәріптейтін маңызды оқиға. Түркістандағы бұл жиын аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша орнын көрсетіп, ұлттық рухты сақтап, болашаққа жеткізуге үлес қосты. Ұмай анаға көрсетілген құрмет – қазақ халқының ананы ардақтап, оның қадірін ұлықтайтын дәстүрінің жалғасы екенін тағы бір дәлелдеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.