Мәжіліс сайлауы: тағы 37 шетелдік байқаушы аккредиттелді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 10 ақпан, 2023

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 37 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды Turkistan Today.


«2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 1 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны ресми тіркеуден өткізді. 2023 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша комиссияға Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен, 1 халықаралық ұйымнан 37 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.


Оның нақтылауынша, Қытай Халық Республикасынан 2 және Нидерланды Корольдігінен 3 байқаушы ұсынылған.


«Сонымен қатар Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 32 байқаушы ұсынылды», - деді ол.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.