Малайзиялық зейнеткер аяқ киімнің картон қорапшасына салып жинап жүрген ақшасын зиянкестер жеп жарамсыз етті. Кейуана бұл ақшаны Меккеге бару үшін ұзақ жылдар жинаған. Бұл туралы Turkistan Today Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зейнеткер Меккеге қажылыққа бару үшін жылдар бойы ақшасын картоннан жасалған аяқ киім қорабында сақтап, жинаған. Бірақ ақ құмырсқалар (термиттер) ақшаны жеп, жартысынан көбі жарамсыз болып қалған.
Оның немересі Хайрул Азхардың айтуынша әжесі шамамен 30 000 малайзиялық рингит жинағанын айтады. Бұл 6600 доллардан асады.
Енді Хайрул аман қалған банкноттарды ауыстырады деген үмітпен Малайзияның орталық банкіне апаруды жоспарлап отыр. Ол бұл оқиғадан сабақ алып мұндай ақшаны үйде ұстамау керек екенін ескертті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.