4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданында патриоттық іс-шара өтті. Өңірдегі “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шарада аудан жастары қасиетті Қазығұрт тауының шыңына шығып, еліміздің мемлекеттік Туын тікті,- деп хабарлайды turkistan.today
Шараның басты мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, Қазығұрт тауы теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 22 шақырымды, ал ені 10 шақырымды құрайды. Таудың шыңына көтерілу жастарға үлкен рухани серпіліс сыйлады. Шара барысында жастар мемлекеттік рәміздер туралы баяндама тыңдап, еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін еске алды. Іс-шара соңында қатысушылар Әнұранды бірге орындап, фотосессия ұйымдастырылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.