Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер

Жаңалықтар Бүгін, 10:55

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді,- деп хабарлайды turkistan.today

Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған.

-  мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті.

- Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.

Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5% пайызға өсіп, 406 миллиард теңгені құрады. Өсім полипропилен және уран қосылыстары өндірісінің ұлғаюымен байланысты.

Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылуда.  Олардың негізгілері мұнай және металлургия саласына қажет химиялық өнімдерді шығаруға бағытталған.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.