Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қолын созу жалғасып жатыр, деп Turkistan Today хабарлайды inBusiness.kz дереккөзіне сүйене отырып.
Қазақстандық көрермендерге "Мың бір түн" сериалы арқылы жақсы таныс Халит Ергенч (Онур) пен әйелі Бергюзар Корел (Шехрезат) жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа 21 мың доллар бөлді. Осы сериалдан кейін отбасын құрған жұлдызды жұптың бүгінде 2 ұлы мен 1 қызы бар. Қазіргі уақытта олар Лондон қаласында тұрып жатыр. Алайда жұмыс бабымен Стамбулға жиі келіп тұрады.
Бұдан бөлек Түркияның басқа да танымал өнер адамдары аталмыш қайырымдылық шарасына бір кісідей атсалысуда. Олар ең әуелі апат аймағына қажетті заттарды жинап, жүк көлігіне тиеп үздіксіз жөнелтіп тұрды. Сонымен қатар барлығы дерлік ақшалай қолдау көрсетіп жатыр. Қазір мұны Түркияда "танымал есімдерден мейірім нұры жауған күн" деп айтуда.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.