Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі әйеліне жаңа автокөлік сыйлады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Арыстан өзінің жас жұбайына түрлі сыйлықтар тарту етеді. Кәсіпкердің қазіргі әйелі Рабия демалыс күндері екінші ұлын дүниеге әкелген болатын. Осындай қуанышқа орай Арыстан әйеліне құны 35 млн теңгеден асатын Lexus маркалы көлік сыйлады.
Әкеміз осылай күтіп алды. Менің екі жолбарыстың анасымын, - деп жазды Рабия.
Айта кетейік, Арыстан 2016 жылы Мөлдір Әуелбековаға үйленген. Бірақ екеуінің некесі 1,5 жылға ғана созылды. Әнші Салтай есімді ұлы дүниеге келгенде, екеуара кикілжің туындап, тұңғышы 5 айлық кезінде жұп айырылысып кетті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.