Нұралхан Көшеров Мажарстанның бас консулымен Түркістанда жаңа зауыт ашу бойынша келіссөз жүргізді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 мамыр, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мажарстан мемлекетінен келген делегациямен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесуде Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач және «UBM GROUP» компаниясының басшылығы жаңа жобалар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Мажарстан елінің жетекші компанияларының бірі Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Тараптар өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайын. 

Аймақ басшысы бірлескен кәсіпорынның Түркістан облысында салудың артықшылығы мен тиімді тұстарын атап өтті. Бірегей зауыттың өнімі ішкі нарыққа және көрші елдерге экспортталмақ. Жылдық қуаты – 200 000 тонна. 

Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.