Нұралхан Көшеров: Облыста энергетикалық құрылымдар үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 3 қазан, 2025

Түркістан облысында энергетикалық әлеуетті көтеру, тұрғындар мен кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте электр, су және газға жауапты компаниялар мен мекемелердің бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің басшылығымен кездесіп, аталған мекеменің күзгі-қысқы маусымға дайындығы, инвестициялық жобаларына қатысты мәселелерді талқылады,- деп хабарлайды turkistan.today

– Облыста энергетикалық құрылымдар үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесіп, облыс аумағындағы аппатты жағдайда электр қуаты жиі сөнетін нүктелердің картасын әзірлеп, бақылауға алыңыздар. 2025-2026 жылыту маусымында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде электр жарығының тұрақты берілуін қамтамасыз етуді, арнайы жобалар аясында жөндеуді және жаңартуды қажет ететін нысандардың  тізімге толық енгізуді тапсырамын. Өңірде ашылатын зауыттар мен кәсіпорындарды электр қуатымен қамту мәселесі де тұрақты бақылауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің өкілдері осы саладағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Инвестициялық жобалар аясында жыл сайын энергетикалық жүйелер реттеліп, жаңартылып жатқанын жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.