Нұралхан Көшеров құрылыс саласындағы инвестормен келіссөз жүргізді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 5 мамыр, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторды қабылдады. Кездесу барысында әріптестік орнату, Түркістан облысында құрылысқа қатысты ірі кәсіпорын ашу, осы саладағы жаңа технологияларды енгізу мәселесі сөз болды. Өңір басшысы аймақтың инвестициялық әлеуетімен таныстырды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Түркістан облысы қарқынды дамушы аймақтар қатарында тұр. Жұмыс күші жеткілікті. Біз өндірісті дамытуға мүдделіміз. Барлық салада жаңа технологияларды енгізу, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салынуда. Өңірде инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалған. Әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Қытайлық инвестор тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салудағы заманауи технологияларды енгізуге дайын екенін жеткізіп, өңір делегациясын комбинаттары мен зауыттарын көріп, жұмысымен танысуға шақырды. 

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі одағының төрағасы Аманияз Ержанов іскерлік танытып, келіссөз өткізген өңір басшылығына алғысын білдіріп, облыстағы маңызды жобалардың жүзеге асуына тілектес екенін жеткізді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.