Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге мәселелерді зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды,- деп хабарлайды turkistan.today
Жеке қабылдауға Түркістан қаласы мен Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби аудандарынан келген тұрғындар арыз-шағымдарын айтып, өңір басшысынан көмек сұрады. Мәселен, түркістандық тұрғын мемлекет тарапынан берілген үйді ауыстырып беруді сұраса, тағы бірі тұрғын үй ауласынан ойын алаңшасын алып тастауды талап етті. Азаматшаға ойын алаңшасы жергілікті тұрғындардың өтінішімен салынғаны айтылып, тыныштық бұзу бойынша Полиция департаменті тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілетіні түсіндірілді. Облыс орталығының тұрғындары «Отырар» шағынауданын жарықтандыру, көгалдандыру мәселелерін қозғап, тұрғын үйлерді басқарушы компанияның жұмысына шағым айтты. Өтініш иесіне тұрғын үй басқарушы компанияны өздері таңдауға немесе сервистік қызмет құруға құқықылы екені туралы ақпарат берілді. Төлеби ауданынан келген азамат Ленгір қаласындағы жолаушылар тасымалын субсидиялау бойынша ұсынысын жеткізді. Одан бөлек, тұрғын үй және коммуналдық түйіткілдер қозғалып, денсаулық және мәдениет саласына және сот шешіміне қатысты өтініш-талаптар айтылды.
Мәселелерді мұқият тыңдаған Нұралхан Көшеров ауыл-аймақты дамытуда тұрғындардың ұсынысы маңызды екенін атап өтіп, талаптар заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма міндеттеп, әрбір тапсырманың орындалуы жіті бақылауда болатынын айтты.
Айта кетейік, облыс әкімінің және орынбасарлардың жеке қабылдауына жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.