«Нашар» несиелер: бір айда NPL 90+ 38 миллиард теңгеге көбейді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сараптама 26 шілде, 2023

Биыл 1 маусымда мерзімі 90 күннен астам (NPL 90+) «ұзақ» кешіктірілген несиелер бір айда 37,8 млрд теңгеге (немесе 4,2%) көбейді. ҚР-ның 6 екінші деңгейлі банкі ғана ай сайынғы динамика бойынша «нашар» несиелерді азайта алды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Bereke Bank кешіктірілген несиелер көлемін азайту бойынша ең жақсы көрсеткіштерді көрсетіп отыр: бір айда 558,7 млн теңгеге төмендетіп (0,5% азайған), 107,9 млрд теңгеге дейін түсірді. Бұл банктің несие портфелінің 7,9%-ы, бір ай бұрын көрсеткіш 8% болған. Бұл ретте қаржы институтының несие портфелі бір айда 10,8 млрд теңгеге (немесе 0,8%) өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті.

Bereke Bank портфеліндегі NPL үлесі біртіндеп азайып келеді. Жалпы, бұл қаржы институтында несие кешіктіру көрсеткіші әрқашан төмен болды және ол бұрынғы бас компаниясы (Сбербанк, Ресей) салынған санкцияларға байланысты банктің жиынтық несие портфелі күрт қысқарған кезде ғана өсті. Қазір банк өзінің несиелік портфелінің әдеттегі жоғары сапасын қайтаруға бет алды.

Қол жеткізілген нәтижелер қазіргі уақытта банктің тиімді және теңгерімді несиелік саясатын көрсетеді. Біз Bereke Bank-тің жеке тұлғаларға тұтынушылық несиелеудің қолайлы мөлшерлемелері мен несиелерді қайта қаржыландыруы туралы жазған едік. Сонымен қатар банк мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар шеңберінде де, өзінің бағдарламалары бойынша да жұмыс істеп тұрған және бастауыш кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып қазақстандық бизнестің дамуына белсенді түрде ықпал етіп келеді. Bereke Bank-тегі заңды тұлғалар айналым қаражатын толықтыруға, кәсіпкерлік ипотекаға, автокөлік пен арнайы техника сатып алуға және т. б. несие ала алады. Алдағы жарты жылда несие алушы шағын бизнес банк комиссияларынан босатылады.

NPL 90+ ай сайынғы төмендеу көрсеткіші бойынша екінші орында Jusan Bank: 397,1 млн теңгеге азайып, 129,8 млрд теңге болды. Бұл бір ай бұрынғы 10,7%-бен салыстырғанда несие портфелінің 10,2%-на тең. Jusan Bank-тің несие портфелі бір айда 50,6 млрд теңгеге өсіп, 1,3 трлн теңгеге жетті.

Үшінші орында ресейлік еншілес ВТБ банкі: 264,6 млн теңгеге азайып, 9,6 млрд теңге болды. Бұл бір ай бұрынғы 9,9%-бен салыстырғанда қаржы институтының несие портфелінің 9,7%-на тең. Бір қызығы, бұл ретте банктің несие портфелінің өзі бір айда 672 млн теңгеге азайып, небәрі 99,2 млрд теңге ғана болды.

Сондай-ақ, бір айда «ұзақ» кешіктірілген несие азайған банктер қатарында Отбасы банкі (91 млн теңгеге, 2,4 млрд теңгеге дейін), Altyn Bank (33,8 млн теңгеге, 2,6 млрд теңгеге дейін) және Заман-Банк ислам банкі (2 млн теңгеге, 955,6 млн теңгеге дейін) де бар.

Бұл ретте ЦентрКредит банкі несие портфеліндегі NPL 90+ ең үлкен өсімін көрсетті: бірден 23,7 млрд теңгеге (немесе 1,5 есеге жуық), 72 млрд теңгеге дейін. Бұл бір ай бұрынғы 2,1%-бен салыстырғанда несие портфелінің 2,9%-ын құрайды. Теріс көрсеткіштің айтарлықтай өсуі Еуразиялық Банкте де байқалды: бір айда 5,4 млрд теңгеге 80,6 млрд теңгеге дейін (немесе бір ай бұрынғы 5,8%-бен салыстырғанда несие портфелінің 6,1%-ы).

ҚР 4 ЕДБ-де (Al Hilal ислам банкі, Ситибанк Қазақстан, Қазақстандағы Қытай банкі және Қытай СӨБ) бизнес-модель іс жүзінде мерзімі өткен берешектердің пайда болуын қарастырмайды.

ҚР ЕДБ несие портфелі бір айда 378,9 млрд теңгеге (немесе 1,5%) өсіп 25,5 трлн теңгеге жетті.

Жалпы, сектордағы несие портфеліндегі NPL 90+ үлесі бір ай бұрынғы 3,5%-бен салыстырғанда 3,6% болды. Дегенмен, ұзақ мерзімді динамикада ҚР ЕДБ портфеліндегі «ұзақ» кешіктірілген несие үлесі жүйелі түрде төмендеуде: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,6%, бес жыл бұрын — 9,1%, және он жыл бұрын — 30,4% болған.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.