Ақмола облысында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Целиноград ауданында бірден екі ауылға – Ыбырай Алтынсарин атындағы ауыл мен Талапкерде газ беру іске қосылды,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталмыш оқиғаны көп жылдар бойы күткен жергілікті тұрғындар үшін бұл нағыз мереке болды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Жоба «Сарыарқа» магистральды газ құбырының бірінші кезеңі аясында іске асырылды. Ыбырай Алтынсарин атындағы ауылда 51 шақырым және Талапкерде 154 шақырым - жалпы 205 шақырым желі тартылды. 3,8 мың үй шаруашылығында тұратын 13,8 мың тұрғынға көгілдір отын беруді қамтамасыз ететін 27 шкафтық пункт орнатылды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов газдандыру – бұл жай ғана инженерлік жоба емес, адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
«Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету – негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Газ ауылдарды ыңғайлы етеді, экологияға жүктемені азайтады және шағын бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Биыл Целиноград ауданында тағы төрт ауыл – Қоянды, Қызылсуат, Қаражар және Қараөткел газдандырылады. Қояндыда жұмыстар аяқталуда. Жобаларды іске асырғаннан кейін тағы 21 мыңға жуық ақмолалық «көгілдір отынды» пайдалана алады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Табысы төмен отбасылар газ төлеміне 20%-ға дейін жеңілдік алады, ал ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар азаматтарға 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетіледі.
Өңірде 966 шақырым газ тарату желілері «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына берілді. Компанияның Астана филиалының өкілі Уәлихан Қымбатов облыста газдандыру кезең-кезеңімен жүріп жатқанын және барған сайын көп елді мекенді қамтып отырғанын айтты:
«Ақмола облысында үйлерді табиғи газға қосу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бүгін Алтынсарин және Талапкер ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда. Қазіргі уақытта 112 тұтынушы газ алды, және біз халықтың қуанышын көріп отырмыз. Адамдар үшін бұл жай ғана ыңғайлылық емес, бұл – өмірдің жаңа деңгейі. Біз газ әр үйге жетуі үшін жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырамыз», – деп атап өтті ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.