Нұрлан Әбдіров Бәйдібек ауданына барды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 қазан, 2023

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін сайлауға байланысты кездесулер өтті. Нұрлан Мәжитұлы әуелі сайлауды өткізу бойынша АСК мүшелері, құқық қорғау органдары өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.

- Бүгінгі таңда барлық кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Біздің келгендегі мақсатымыз - аудандардың алдағы сайлауға дайындығын бақылау, учаскелердің жарақтандырылуын, сайлау өткенде заңдылықтардың қатаң сақталуын мүдтіксіз қамтамасыз ету,- деді Нұрлан Мәжитұлы. 

Төраға одан соң Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылының жұртшылығымен жүздесті. Онда соңғы жылдары елімізде жүргізілген саяси реформалар туралы кеңінен баяндады. Көпшілікпен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Таяуда ғана өткен ауыл әкімінің сайлауына қатысты тұрғындармен әңгімелесті. 

Айта кетейік, биыл 5-қарашада тұңғыш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарының тұрғындары өз таңдауын жасайды.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.