Имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы Жібек жолы арнасындағы Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студиясында” қонақта болды. Ол өзінің Тиктокқа не үшін тіркелгенін айтты.
Бүгінгі таңда ең креативті, ең позитивті имамның бірегейі-ол Нұрлан имам, деп хабарлайды Turkistan Today.
Өзінің әлеуметтік желіге не үшін дінді насихаттай бастағанына тоқталып өтті.
“Мен Тикток әлеуметтік желісін бақылап жүрдім. Онда ата-анасымен қалжыңдасып, пранк жасағандарын көрдім. Содан өзім ол жерге дінді насихаттасам деген ой келді. Өйткені онда пісіп жетіліп, керек болып тұрғанын білдім. Мен айтпасам, жастар әріқарай сондай пранетарын көріп жүре берер ме еді? Басында маған “уағыз айтатын жерге айналды ма?”,-деп күлді, мазаққа айналдым. Түнде сағат 2-3 те отырсам “е, шал неге отырсың?”,-деп жазатындар болды. Олардың бәріне шыдадым. Ең алғашында үш адам тыңдайтын. Бірі әйелім, бірі балам”,-деп әзіл-шыны аралас жауап берді. Бүгінде 600 мыңға жуық оқырмандары бар екенін және 2 млн 800 мың адам тіркелмей, парақшасын оқитынын айтты.
Және де жүргізушінің “оқырмандар әртүрлі сұрақтар қойып, жүйкеңізге әсер етпей ме?”, деген сұрағына ол: “Түзу көңіл, қисық сөзге мән бермейді” деген сөз бар. Біріне айналып өтіп кетсем, кейбіріне әзілмен жауап беретінін айтты.
Сондай-ақ имам дін салмақты дүние екенін айтты. Алайда оны қорқытып, үркітіп үйретпеу керек.
“Арам дей бергенмен, адал көбеймейді, кәпір днй бергенмен, мұсылман көбеймейді”, демекші, саусақпен шұқығанша, мейлінше мейірімділікпен Аллаға жол ашатын жолды тапқан дұрыс болар. Пайғамбарымыздың өзін Алла тағалам “рахым” етіп жібердім деген. Мейірімділікпен дінді насихаттаған абзалырақ. “Садақаның ең кішісі жымию” дегендей, күліп, өзгенің мұ-мұқтажын тындай білген дұрыс. Менің бір байқағаным, отбасылық мәселелер жайында көп сұрақтар қойылады. Осыған қарай имандылық дәрежесін байқадым. Әке мен бала, ана мен қыздың арасында бітіп кететін шаруа еді. Өкінішке орай, көп ата-аналарымыз дүние табушы. Олар сырлас емес, мұңдас емес, тек қана ақша беретін аппарат секілді. Уақытында көңіл бөлмеген бала, қартайғанда ата-анасын қайдан тыңдасын?! Сондықтан имамдар да психологиядан хабардар болған жақсы. Келген адамның мұң-мұқтажын тыңдай біліп, оған жол көрсету қажет”,-дейді ол.
Сонымен қатар сұзбат барысында дінтанушының бірнеше тілде еркін сөйлейтіні мәлім болды. Ол жүргізуші сауалдарына қырғыз, өзбек, әзербайжан, түрік, араб, орыс тілдерінде еркін жауап қатты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.