Заң бұзып, қамауға алынған Төреғали Төреәліге өнердегі ағасы Тоқтар Серіков араша түсті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Төреғали бауырымыз шулатты, оны жақтамаймын. Бірақ полиция қызметкерлеріне таң қалдым. Бір азаматқа бәрі жабылып, құдды ауыр қылмыскерді ұстағандай белсенді жүрді. Тас жолға тізесімен басын жаншып, бар салмағын салып, езіп тұтқындап жатыр. Кімді байлап, кімді сабап жатыр? Өз бауырын. Не деген тас жүрек едіңдер, жігіттер?! - дейді Тоқтар Серіков.
Ол сосын сыртынан телефонға түсіргендерге де ренішін білдірген.
Масқаралағанға мәз болып жүр жарандар. Малды да олай қорламайды ғой. Оның қасында адасса да адам, басқа жолы бар шығар? Бәрі бір қазақтың жаншылып, езіліп жатқанын жаңалығына жарыса салып жатыр. Заң заңымен, алайда бұлай қорлауға, таптауға болмайды. Өзімізді өзіміз итше таласақ, онда құрығанымыз. Бұл бүгінгі жасаған ерліктерің шығар, ертең уақыт сағаты келгенде ұялатын боласыңдар, - дейді әнші.
Ол жабылып жүрген азаматтардың бала-шағасы Төреғалидың әнін жатқа айтатына сенімдімін деп ренжіген.
Өкінішті… Төреғали бауырым, еліңе ренжіме. Еркелігіңді көтеретін ел қалмапты. Мықты бол, бауырым, – деп жазды Тоқтар Серіков.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.