Оқушы қайырымды ісі үшін премьерден алғыс алды оны әкім берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 ақпан, 2023

Қайырымдылық жасаған оқушы премьер-министрден алғыс хат алды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін түскі асының қаржысына азық-түлік сатып алған шымкенттік оқушыға ҚР Премьер-министрі алғыс білдірді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 13 жасар Павел Падровпен және оның анасымен кездесіп, Әлихан Смайыловтың алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ 5 сынып оқушысына планшет сыйға тартылды.


Еске сала кетсек, Павел Падров күнделікті мектепте түскі асқа жұмсайтын ақшасына азық-түлік алып, Түркияға гуманитарлық көмек жиналатын қоймаға өзі әкеліп тапсырған болатын.


Премьер-министр хатында: «Түркиядағы жер сілкінісінің қайғылы салдары бірде-бір қазақстандықты бейжай қалдырмады. Осындай қиын сәтте қазақстандықтар түрік халқына шын жүректен көмек көрсетті. Сіздің ұлыңыздың бұл әрекеті шынында үлгі тұтарлық игі іс. Павел осы жас шағынан бастап жанашырлық пен қолдаудың не екенін біліп өсуде. Ұлыңыздың бойына мейірімділік, жауапкершілік, парызды сезіне білу сияқты құнды қасиеттерді сіңіргеніңіз үшін ризашылық білдіремін. Сіз Павелді Қазақстан Республикасының нағыз патриоты ретінде тәрбиелеп отырсыз» – делінген.

1.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.