Синоптиктердің пікірінше, қарлы маусым бұл аймақта тағы бір аптаға созылады.
Билік Оңтүстік Африка елінде мұндай қар аралас аяздың соңғы жылдары болмағанын ескеріп, тұрғындарға жылы киінуге кеңес берді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасай отырып. Шілде айы мұнда ең суық кезең - қыстық маусым деп саналады, бірақ, әдетте, қар жаумайтын.
Йоханнесбург тұрғындары қарлы көшелерге — олардың ендіктерінде сирек кездесетін көрініске таңдана қарап, тамсанғандары байқалады.
"Кейбір оқушыларды қармен жақынырақ танысуға алып шықтым, кейбіреулер қардың не екенін біледі, ал басқалары бұл жай ғана жаңбыр деп ойлаған", - деді бастауыш сынып мұғалімі Агнес Мидева.
Үй қызметкері Нобухоси Стомпи ВВС-ге қарлы жолмен жұмысқа бара жатқанын және мұндай нәрсені ешқашан көрмегенін айтты.
"Біздің үйлеріміз жылы, сондықтан бәрі жақсы", — деді қамқоршы Билли Нксумало. "Қар молынан жауып, айналамыз ақ кілеммен жабылғандай болды - өте әдемі көрініс".
Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында қар жауды, соның ішінде Шығыс Кейп, Мпумаланга және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағы. Метеорологтар фермерлерге малға қолайлы жылы үй-жайларды табуға кеңес берді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.