Оңтүстіктен солтүстікке: Түркістан облысы тұрғындары теріскейдегі тіршілікті көру үшін жолға шықты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 мамыр, 2023

Оңтүстік өңір тұрғындары солтүстіктегі тіршілікті көру үшін жолға шықты, деп Turkistan Today хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Теріскейге аттанған топтың қатарында БАҚ өкілдері де бар. Олар 13 ауданды аралап, көпшілікті жергілікті халықтың тыныс-тіршілігімен таныстырады.

Көш қатысушыларын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, «Tauekel» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов және бірқатар облыстық мәслихат депутаттары салтанатты түрде шығарып салды.

photo

«Жалпы, теріскейге баратын түркістандықтарды жарлы, көмек қажет ететін адамдар деген стереотиптен арылуымыз керек. Бұл өңір тұрғындары - көмек алушы емес, қазақты құтқарушы азаматтар. Солтүстікке көш - еліміздің бекемдігі үшін өте қажет шара. Еліміздегі 3,2 млн жуық оқушының 530 мыңы Түркістан облысында екен. Солтүстіктегі ауылдарда жабылайын деп тұрған мекемелерді аман алып қалатын осы аймақтың азаматтары дер едім. Сондықтан да елім-жерім деген өңір тұрғындары ел іргесін бекемдеу үшін теріскейге көшіп баруы керек», — дейді «Tauekel» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов.

photo

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Аталған бағдарлама бойынша 2015-2022 жылдар аралығында оңтүстіктен солтүстікке 11 892 адам қоныс аударған.

2022 жылдың қорытындысымен республика бойынша 6 587 квота белгіленсе, оның 32,3% Түркістан облысының тұрғындарына берілді.

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Ал, биыл жыл басынан бері Түркістан облысынан 34 отбасы, оның ішінде 79 адам солтүстікке қоныс аударған.

photo

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.