Биыл Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінде түйе сүтін өңдейтін ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылмақ,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Кешенде 200 басқа дейін түйе бағылып, оның сүтін жинау, өңдеу және саудаға енгізу жоспарланып отыр. Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылмақ.
Айта кетейік, ауданда биылғы жылы төрт ауылдық округте аталған бағдарлама арқылы ауыл шаруашылығындағы жаңа жобаларды қаржыландыру көзделген. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ІІІ кезеңін - Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Биылғы жылы жобаға 410 адам қатысып, 422 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.