Ордабасыда «Таза Қазақстан» акция аясында 15 шаруашылық канал тазартылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Ордабасы ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Науқан аясында «Ардагерлер саябағының» маңындағы көшелерге тазалық жұмыстары, ағаш түптерін әктеу, күл-қоқыстарын жинау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ағын су тапшылығын болдырмау, шаруалардың егін егуге бөгет жасамау мақсатында жауапты сала мамандарына механикалық тазалауға жататын ішкі шаруашылық каналдарды зерделеп, тиісті деңгейде жұмыс жүргізуді тапсырды. Бүгінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бірінші аптасында Ордабасы ауданында жалпы «ҚАЗСУШАР» РМК меншігіндегі 15 каналдың 28,3 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жоғарыдағы аталған каналдардың қауіпті жерлеріне бөгеттер қойылып, каналдар арқылы ауыл ішіне жіберілетін ағын судың тоспалары (шлюздер) жабылды.

248

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.